Атырауда жарық мәселесіне орай брифинг өтті

Энергетиктер Атырау қаласы маңындағы елдімекендерге электр энергиясын беруді кешке дейін қалпына келтіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады. Қарашаның 13-інен 14-іне қараған түні Бірлік шағынауданында №18 қосалқы электр станциясында өрт болды. Жергілікті уақытпен сағат 11.00-дегі мәлімет бойынша Геолог, Жұлдыз, Бірлік, Томарлы және Контейнер шағын аудандарында электр қуаты сөндірілді. Қазір қосалқы станцияда «Атырау Жарық» АҚ-ның 42 қызметкері жұмыс істеп жатыр. Олар апаттың салдарын жояды, сондай-ақ өртенген кабельдерді ауыстырады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында «Атырау Жарық» АҚ вице-президенті Мейірбек Губашев мәлім етті. Оның айтуынша, материалдық-техникалық ресурстар жеткілікті және өртенген кабельдер ауыстырылған кезде электр қуатын беру қайта басталады.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Фаруза Шаңгереева брифингте хабарлағандай, электр қуатының үзілуіне байланысты №36 мектепте (Геолог ш/а), №39 (Жұлдыз ш/а), Қ.Смағұлов атындағы (Томарлы) және Б. Нысанбаев атындағы мектепте (Бірлік) сабақ тоқтатылды. Бұл жалпы саны 6869 оқушы, олармен мұғалімдер онлайн форматта сабақ өткізеді. Апат салдарын жойып, электр қуатын беруді қайта бастағаннан кейін мектептер штаттық режимде жұмыс істейді.

Сондай-ақ, брифинг барысында апатқа байланысты бес мектепке дейінгі мекеме жұмыс істемейтіні айтылды, олар - №26 балабақша (Жұлдыз ш/а), №33 және №35 (Бірлік), №36 (Геолог) және «Шағала» балабақшасы (Томарлы). Бүгінмектеп жасына дейінгі 1062 бала үйде қалды. Бұл ретте Ф.Шангареева Жұмыскер шағын ауданындағы №35 мектептің оқушылары үйде қалғанын және сабақтар онлайн режимде өткізіліп жатқанын айтты. Себебі - мектеп қазандығындағы жылу қазандықтары сорғылар электр желілеріндегі кернеудің төмендеуіне байланысты істен шыққан. Қазір жөндеу жұмыстары жүргізілуде, қалпына келтірілгеннен кейін мектеп штаттық режимде жұмысын бастайды.

Брифингке қатысқан қала әкімінің орынбасары Серік Нысанбаев кеше қала бойынша электрмен жабдықтауда ақау байқалғанын, бірақ олар Бірлік шағын ауданындағы №18 қосалқы станциядағы түнгі өртпен байланысты емес екенін атап өтті.

 - Бұл ауа-райының қолайсыздығынан туындаған электр желілеріндегі төтенше жағдайға байланысты болды. «Атырау Жарық» апатты бригадалары мен ТКШ қалалық бөлімі жұмыс жүргізіп жатыр, - деді С.Нысанбаев.

№ 18 қосалқы электр станциясында өрт шыққан сәттен бастап жағдай облыс әкімі Серік Шәпкеновтің жеке бақылауында. Өңір басшысының тапсырмасы бойынша «Атырау Жарық» АҚ және қалалық әкімдіктің апаттық қызметтері апатты жағдайдың салдарын жою және электр энергиясын беруді қалпына келтіру бойынша жөндеу жұмыстарын жүргізуде.