Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен «Jas Kenes Siylygy» байқауы республикалық деңгейде алғаш рет өткізілмек. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің мүшесі Арман Хайруллин мен баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
«Jas Kenes Siylygy» - бұл Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен құрылған тәуелсіз жастар сыйлығы. Байқауға 35 жасқа дейінгі ҚР азаматтары үміткер бола алады.
- Байқау негізінен 7 номинациядан тұрады. Конкурстың іріктеу 3 кезеңде өтіп, нәтижесінде әр номинация бойынша 2 жеңімпаздан, жалпы саны 14 жеңімпаз анықталады. Жүлде қоры – 14 миллион теңгені құрайды. Осыған сәйкес әр жеңімпазға 1 миллион теңгеден беріледі, - деді А.Хайруллин.
Конкурс биылдан бастап жыл сайын жеті номинация шеңберінде өткізіледі. Олар, «Janqiarlyq», «Altyn jürek», «Önerkäsıp», «Bolaşaq turaly qamqorlyq», «Adamgerşılık», «Kömek qoly», «Bızdıñ üi». Сондай-ақ https://www.jaskenes.kz/application сайтында өтінім қалдыру арқылы, конкурсқа қатысуға мүмкіндік бар. Ал өтінімдерді қабылдау 18 маусымнан 21 шілдеге дейін жалғасады.
- Аталған байқау елімізде алғаш рет ұйымдастырылып жатыр. Бұл ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі ҚР Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестің бастамасымен өткізілмек. Байқаудың басты мақсаты - күнделікті жұмысы мен еңбектегі ерлігі көп көріне бермейтін, сонымен қатар қазақстандық қоғам үшін маңызды салаларда жұмыс істейтін жас мамандарды көтермелеу, - деді А.Құрметұлы.
Ақпарат үшін, байқау туралы толығырақ ақпаратты https://www.jaskenes.kz/ сайтынан алуға болады.
Фото: ru.freepik.com