«Атырау-Ақпарат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ғимаратында орналасқан №40 сайлау учаскесінде сағат 16.00-дегі жағдай бойынша 600-ге жуық адам дауыс берді.
«Биылғы сайлау бұрынғыдан өзгерек. Олай дейтінім, мен осымен үшінші рет учаскелік сайлау комиссиясына төрағалық етіп отырмын. Сондағы байқағаным, бұл жолы халықтың белсенділігі өте жоғары. Таң атысымен-ақ ондаған адам келіп, дауыс беріп жатты» дейді аталғанс айлау учаскесінің комиссия төрайымы Жанна Көшенова.
_1668943189.jpg)
Учаскені аралай жүріп байқаушылардың да бар екенін байқадық.
«Таңертең Әнұран ойналған бойда біз де жұмысымызға кірістік. Біздің міндет – дауыс беру барысын бақылау, заңбұзушылықтарға жол бермеу. Мәселен, дауыс беру жәшігіне бір адам екі бюллетень салуына жол бермейміз» дейді партиялық емес байқаушы Ақжанар Маратова.



_1668943248.jpg)
