Филиппинде 78 жастағы фермер-зейнеткер 18 жастағы қызбен отау құрды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
78 жастағы Рашед Мангакоп Халима Абдулламен үш жыл бұрын кешкі аста танысқан. Ол кезде қыз 15 жаста болған екен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mirror сайтына сілтеме жасай отырып жариялады.
Зейнеткердің туыстары оның Абдуллаға бірден ғашық болып, онымен қарым-қатынаста болғанын айтады. Үш жылдан кейін ерлі-зайыптылар отбасы болуға шешім қабылдады. Олардың айтуынша, екі тараптың жақындары да отбасы болуларына келісім берген. Қызығы, 78 жастағы “күйеу жігіт” бұрын үйленбеген, Абдулла оның бірінші әйелі.
Туыстарының айтуынша, қос ғашық есеппен емес, ессіз махаббатпен қосылды. Үйлену тойынан кейін жас жұбайлар бірге өмір сүріп, балалы болуды жоспарлай бастады.