12 мыңға жуық атыраулық жас жұмыспен қамтылды

Жыл басынан бері облыстағы мансап орталықтарына жұмыспен қамту мәселесі бойынша 22 384 жас хабарласып, оның 11 165-і жұмыспен қамтылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Бұл туралы облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының м.а Еркебұлан Әбілқасымов айтты

Өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, олардың 8 мыңға жуығы тұрақты жұмысқа орналасса, 4 мыңы уақытша еңбекке араласқан.

Ал 355 жас «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен қамтылса, «Ұрпақтар келісімшарты» бойынша 19 маман жұмысқа орналасты. Бұдан бөлек, 22 мыңнан аса атыраулық жасқа әлеуметтік қолдау көрсетілген.

- Биыл жұмыссыз жүрген азаматтар үшін, соның ішінде жастарға арнап бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге облыстағы 38 мекеме қатысып, 300-ден астам жұмыс орны ұсынылды. Жәрмеңке барысында мемлекет тарапынан субсидияланатын жұмыс орындары туралы ақпарат берілді . Жалпы статистикалық дерек бойынша осы жылдың екінші тоқсанында жастардың жұмыссыздық деңгейі – 2,5 пайызды құрады,- деді Е.Әбілқасымов.

Сәуле МАҒАУ

Фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ