Тоқаев "Орталық Азия - Қытай" саммитіне қатысып жатыр

Қытай тарапының бастамасымен "Орталық Азия - ҚХР" онлайн саммиті басталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толуына орай өтетін саммитке қатысады. Іс-шара онлайн форматта өтеді.

Мемлекет көшбасшылары Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы түрлі саладағы көпқырлы стратегиялық ынтымақтастықты дамыту бағыттарын талқылайды деп жоспарланып отыр.

Іс-шара қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастар орнағанына 30 жыл толуына орай бірлескен мәлімдеме қабылданады.