ТМД елдері қашқын жемқорларды ұстап беретін болды

14 қазанда ТМД Мемлекет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтіп, оның аясында мемлекет басшылары келісімге қол қойды. Оған сәйкес, ТМД елдері қашқын жемқорларды бір-біріне беруге келісті, деп хабарлайды AtyrauPress Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ведомствода атап өткендей, бұл құжат сонау 2008 жылы әзірленіп, тек 2022 жылы ғана тараптар соңғы нұсқасын келісіп, жоғары деңгейде қол қойған.

Сондай-ақ, келісімнің жұмыс істеуі құқық бұзушылыққа қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы келісілген саясатты әзірлеуге және жүзеге асыруға ықпал ететіні айтылды.

Келісімнің қолданылуы құқық бұзушылықтармен күресте ынтымақтастықтың тиімділігін арттыруға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында келісілген саясатты әзірлеуге және жүргізуге ықпал ететін болады, атап айтқанда:

    сыбайлас жемқорлық туралы қылмыстық істер бойынша жәрдем көрсетілетін;

    сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша үйлестірілген және келісілген жедел-іздестіру, жедел-профилактикалық іс-шаралар және арнайы операциялар жүргізілетін;

    сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған адамдарды іздестіру, ұстау және ұстап беру, сыбайлас жемқорлықтан түскен кірістерді қайтару саласында ынтымақтастықты жүзеге асырылатын;

    сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында ақпараттық жүйелер құрылатын және пайдаланылатын;

    сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық стратегиялары, бағдарламалары мен жоспарлары әзірленетін;

    сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг нәтижелерімен алмасу жүзеге асырылатын;

    кадрлардың біліктілігі арттырылатын және т.б. жүзеге асырылатын болады.