Мысық өлтірген ерлі-зайыптыға сот үкімі шықты

Ресей Федерациясында мысық өлтіргені үшін күйеуін - 3 жыл 6 айға, ал әйелін 3 жыл 2 айға бас бостандығынан айыру жазасы кесілді.

Ерлі-зайыпты мұндай қадамға бармас бұрын үй жануарын екі ай бойы азаптап, тіпті ол қылықтарын видеоға түсіріп, әлеуметтік желілерге жариялаған.

Олар мысықты азаптап өлтіру арқылы оның иесінен, яғни әйелінің анасынан кек алмақ болған екен. Тергеп-тексеру кезінде ер адамның ақыл-есі дұрыс екені, ал әйелінің алкоголь өнімдеріне тәуелділігі бары анықталды.

Сотталушылар мысықтың қожайынына 5 мың рубль көлемінде өтемақы төледі.