9 сәуірде Жапонияда IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин мен WBA супер чемпионы Риота Мурата арасында жекпе-жек өтеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақстандық бокс жанкүйерлері бұл кешті тікелей эфирде тамашалай алады. Сайтама қаласында өтетін бокс кешін Qazsport және Qazaqstan телеарналары көрсетеді. Жекпе-жектің трансляциясы 9 сәуір күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15.00-де басталады.
Головкин мен Мұратаның жекпе-жегі шамамен сағат 20.00-де.