"АҚШ аруы" биік ғимараттан секіріп қаза болды

Нью-Йоркте "АҚШ аруы-2019" Чесли Крист 60-қабатты ғимараттан секіріп қаза болды, - деп хабарлайды New York Post.

Қайғылы оқиға 30 қаңтарде, жексенбіде таңғы уақытта болған. 30 жастағы арудың денесі қала орталығында 42-ші көшеде табылды.

  Өлімінен бірнеше сағат бұрын Чесли Instagram-да өз суретін жариялап, "Бұл күн бейбітшілік пен тыныштық әкелсін" деп жазба жариялаған.

 Дереккөздердің айтуынша, Крист өзінің мүлкін анасына - бұрынғы сұлулық байқауының қатысушысы, "Солтүстік Каролина миссисі - 2002" титулының иегеріне қалдырғаны туралы жазба қалдырған. Суицидтің себебі жазбада айтылмаған.

 "АҚШ аруы-2019" отбасы мен әріптестері арудың қазасын растап отыр.