Жасөспірімдерді қағып қашып кеткен жүргізуші ұсталды (+ВИДЕО)

Атырауда жасөпірімдерді қағып, оқиға орнынан кетіп қалған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

5 маусым күні сағат 21:30 шамасында ауыл тұрғыны Исатай ауданы Жанбай ауылы Сәкен Сейфуллин көшесі бойында маркасы ВАЗ-2114 автокөлігінің 3 жасөспірімді қағып, белгісіз бағытқа қашып кеткені туралы «102» арнасына хабарлама берген. Хабарлама бойынша учаскелік полиция инспекторы мен Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының кызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Аталған оқиға бойынша «Тосқауыл» арнайы жоспары іске қосылып, іздестіру шаралары нәтижесінде 30 жастағы автокөлік иесі анықталып, кінәсін толық мойындады. Соққы салдарынан 2014 ж.т., 2013 ж.т. жасөспірімдер аудандық ауруханаға түрлі дене жарақаттарымен қаралды.

Тексеру барысында 1993 ж.т. көлік жүргізушісінің жеңіл дәрежедегі масаң күйде екені анықталды. Қазіргі уақытта сот медициналық сараптама тағайындалды.

Осы ретте, атыраулық полицейлер көлік жүргізушілеріне көлік құралын басқару кезінде белгіленген жылдамдық режимін сақтап, жаяу жүргіншілер көп жүретін орындарда жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ