Тасжолдарда құзырлы органдармен бірлескен рейд өтуде (+ВИДЕО)

Жол-көлік оқиғаларына әкеліп соғатын құқық бұзушылықтың басты себебі - жылдамдықты шамадан тыс асыру, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Осы мақсатта Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасы және облыстық прокуратура қызметкерлері мен жедел-жәрдем қызметі бірлесіп, қала сыртындағы тас жолдарда рейдтік іс-шаралар өткізуде. Іс-шара кезінде жылдамдықты шамадан тыс асырған, басып озу ережелерін бұзу деректері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, жадынама парақтары таратылды. Сондай-ақ, медицина қызметкерлері көлік жүргізушілерінің денсаулығын тексеріп, күннің ыстық уақытында демалу керегін, шаршаңқы күйде көлік басқармау керектігін ескертуде.