Құжатсыз көлік айдаған 50 жастағы атыраулық анықталды (+ВИДЕО)
Атырауда көлікті құжатсыз басқарған тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау қаласы аумағында жол-көлік оқиғаларының алдын алып, жолын кесу мақсатында 22 мамыр мен 4 маусым аралығында "Жолаушылардың жолдағы қауіпсіздігі" жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Оның барысында Атырау қалалық полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері С.Бейбарыс көшесі бойында "Mitsubishi Outlander" автокөлігін тоқтатып, 50 жастағы жүргізушінің көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлімімен (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) әкімшілік хаттама толтырылып, Атырау қалалық мамандандырылған әкімшілік сотына жіберілді. Ал, автокөлік арнайы тұраққа қойылды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ