Құрманғазыдағы каналдан жасөспірімнің денесі табылды (+ВИДЕО)

Кеше, 29 мамыр күні Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау ауылының бойымен өтетін «Шарон»  өзенінің сағасы  «Жіңішке» каналында суға түсуге тыйым салынған жерде балалар суға шомылған, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Соның бірі, 2008 жылы туған жасөспірім сағат 17:07-де тереңдігі 3 метр болатын тұста суға батып кеткендігі анықталып отыр.

Суасты іздестіру жұмыстары жүргізіліп, сағат 19:05-те Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен ауыл тұрғындарының күшімен марқұмның  мүрдесі судан шығарылды.

Осы орайда, мамандар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады. 

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ