Атырауда жасөспірімдердің қатысуымен 11 жол апаты тіркелген (+ВИДЕО)

Атырауда «Абайлаңыз, балалар!» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде, деп хабарлайды AtyrauPress сайты. 

Соның ішінде 1 жасөспірім қаза тапты. 10-ы әртүрлі дене жарақатын алды. Бұл жайында Атырау қаласының полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі полиция капитаны Дәурен Насиполла баспасөз брифингінде мәлімдеді

«Аталмыш іс-шараның мақсаты - жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп оқушылары мен ата-аналарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу» дейді  патрульдік полиция батальонының командирі полиция капитаны Дәурен Насиполла.

Қала аумағында жол-көлік оқиғасы тіркелген сайын апталық саралау жұмыстары жүргізіледі. Саралау нәтижесінде таңертеңгі уақытта жұмысқа шыққанда тұрғын үй ауласында, жолдың бойындағы орналасқан мектептерде, колледж аумағында жол-көлік оқиғалары тіркелетіні белгілі болды.

«Түнгі 23:00-ден кейін баланың заңды өкілінсіз көшеде жүруі басты құқықбұзушылық болып саналады. Бір рет бала ұсталса, ескерту жарияланады. Екінші рет орын алса, айыппұл төленеді. Оны ювеналды сот тағайындайды. Ата-аналар өздері жол қауіпсіздігін сақтап, балаларын да үйретуі керек» деді Атырау қаласының полиция басқармасы кәмелетке толмағандары істер жөніндегі қызметінің бастығы полиция майоры Эльвира Имангазиева.

Қасиет Бахкерейқызы