Атырауда жаңартылған скейт-парк пайдалануға берілмек (ВИДЕО)
Атырау қаласындағы тозығы жеткен скейт-парк қайта жаңартудан өтіп, жуық арада қала жастары үшін пайдалануға берілмек, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Бүгінде жаңарту жұмыстарының соңғы кезеңінде тұр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті. Тозған дүниелер толықтай күрделі жөндеу көріп, жаңаша түске боялған. Енді қала жастары үшін жиі жиналып, спортпен шұғылдануға зор мүмкіндік беріліп отыр.