Атырауда тұрғын үйдің жертөлесінен адам денесі табылды (+ВИДЕО)
- YouTube:
Бұл туралы Атырау қалалық полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
"6 маусым күні сағат 18:20 шамасында Береке ықшамауданында орналасқан көпқабатты үйдің бірінің жертөлесіне апаратын баспалдағында белгісіз жағдайда қайтыс болған 1963 жылы туған ер адамның мүрдесі анықталды. Қазір тергеп-тексеру амалдары басталып, сот-медициналық сараптамасы тағайындалды" делінген хабарламада.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ