Атырауда соқтығысқан көліктердің біреуі аударылып түсті (+ВИДЕО)

Бұл туралы қалалық полиция басқармасы мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

10 мамыр күні сағат 17:00 шамасында қаладағы Ерниязов-Кұлманов көшелерінің қиылысында "Kia Rio" көлігі екінші дәрежелі жолдан шығып, басты жолда келе жатқан "Toyota Land Cruiser" көлігіне соқтығысқан.Салдарынан "Kia Rio" көлігінде болған жасөспірім жолаушы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.

Аталған дерек бойынша тиісті құжаттар жинақталуда.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ