Атырауда көлік жүксалғышында арақ ішкендер ұсталды (+ВИДЕО)

Мас күйде көлік басқарған жүргізуші бейнебақылау камерасы арқылы анықталды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

15 мамыр күні сағат шамамен 17:30 шамасында Жедел басқару орталығының қызметкерлері "Сергек" бейнебақылау жүйесі арқылы әкімшілік аумақты тексеру барысында Атырау қаласы Бергалиев көшесінде орналасқан көпір тұсында белгісіз ер адамның "Volkswagen Passat" көлігінің жүксалғышында ішімдік ішіп, қоғамдық орында шылым шеккен, қоршаған ортаны ластағаны анықталды. Ол аздай, 29 жастағы азамат сағат 21:28 шамасында Шманов көшесі тұсында көлік айдаған. Тіпіт, жарық шамын да қоспаған. Енді оған қатысты ҚР ӘҚБтК 440-бабы 1-бөлігі, ҚР ӘҚБтК 434-бабы 2-бөлігі, ҚР ӘҚБтК 608-бабының 1-бөлігі және ҚР ӘҚБтК 595-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама жасақталды.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ