Жансель Дениз Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды

24-27 маусым күндері Оңтүстік Кореяның Чхунчхон қаласында таеквондодан ерлер мен әйелдер арасында Азия чемпионаты өтуде. 73 келі салмақта Жансель Дениз турнирді жартылай финалдан бастап, бұл кезеңде ливандық қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Дегенмен финалда ирандық спортшының мерейі үстем болды - 0:2. Осылайша Дениз күміс медаль иеленді. Айта кету керек, атыраулық спортшы 2021 жылы Ливанда өткен құрлық чемпионатында да күміс жүлде жеңіп алған болатын.