Sulеimen CUP: Атырауда БАҚ қызметкерлері арасында турнир өтті

Атырауда БАҚ қызметкерлері арасында футзалдан облыстық турнир өтті, деп хабарлайды ATPress.kz.

ҚР Конституциясы күні мен спорт жанашыры Сүлеймен Акдрашевты еске алуға арналған турнирде бес команда бақ сынады.

  Жарыс нәтижесінде "Атырау-Ақпарат" құрамасы жеңімпаз атанса, "Тауман" командасы екінші, "Ар-Тип" құрамасы үшінші орындарға ие болды. Марапаттау сәтінде сөз алған жарыс демеушісі Ибрагим Акдрашев бұл турнирдің жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетінін атап өтті.