19 наурызда Қазақстанда Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауы өтеді. Tengrinews.kz тілшісі сайлаушыларға арналған жадынама дайындады.
Әр сайлаушы жеке дауыс беретінін білуі керек. Сайлау бюллетенін алу үшін жеке куәлік болуы керек. Дауыс беру тұрғылықты жері бойынша әкімдіктер құратын сайлаушылар тізімі бойынша жүргізіледі. Оған белсенді сайлау құқығы бар Қазақстан азаматтары кіреді: 18 жасқа толған, әрекетке қабілетті және сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырмағандар.