Осылайша, тестілеудің екінші блогы «Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалауға» ең жақсы нәтиже көрсеткен 2967 үміткер жіберілді.

Тестілеудің екінші блогы 2023 жылғы 7 қазанда өтеді. Ол үміткердің кестелер, графикалар және диаграммалар түріндегі сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға бағытталған 25 тест тапсырмасынан тұрады.

«Сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау» тестілеуіне жіберілген барлық үміткерлер 6 қазан сағат 23:59-ға дейінгі мерзімде (Астана қаласының уақыты бойынша) өзінің жеке кабинетінде тест тапсыру уақытын таңдауы қажет.