Өскелең ұрпаққа дәстүрлі исламды түсіндіру маңызды

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың дін мәселесіне қатысты мәлімдемесі өте орынды және өзекті деп білемін. Өйткені оның сөздерінен "халқымыздың дүниетанымына сай дәстүрлі исламды дәріптеу аса маңызды" деген сөзінің өзі біраз мәселені айқындап, айшықтап беріп отыр.

Себебі Қазақстанда қазақ елі ұстанатын дәстүрлі исламның бағыты ол - әбу Ханифа мектебі. Яғни әбу Ханифа мектебі осы қазақ халқына, орта Азияның дүниетанымына, салт-дәстүр мен түсінігіне сай келгендіктен осы сүннеттік дұрыс бағытты, дәстүрмен біте қайнасып, діни рәсімдермен салт-жоралғылары шариғат шеңберінен аспай, оның рухани және мәдени дамуына бірден бір дәстүрлі ислам үлкен орын алды. Бұны біз тарих беттерінен білеміз. Сонымен қатар өскелең ұрпаққа осы дәстүрлі исламды түсіндіру, оларға осы бір мектепті жеткізу аса маңызды. Өйткені Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың болашағына алаңдаушылық білдіріп  "Жастардың рухани тәрбиесін өз бетімен қоя берсек ұлттық салт-санамыздан айырылып қалуымыз мүмкін" деген сөзі бүгінгі күні кей жастарымыздан көрініс тауып жатыр.  Сондықтан біз ғылыми-теориялық негізді дамыту арқылы жақсы кадрларды даярлап, дәстүрлі исламды мейлінше көп насихаттағанымыз жөн.  Президенттің мегаполис және облыс әкімдеріне берген тапсырмасына сәйкес  әрбір өңірде осы мәселеге бей-жай қарамай, оның күрделілігін ескеріп, жұмыла жұмыс жасайтын болсақ, бүгінгі күні біз өскелең ұрпақтың рухани дамуына қол жеткізіп, діни деградацияға жол бермейміз деп ойлаймын.

Бағытжанов Жасұлан Берікұлы,

«Шапағат» қоғамдық қорының теолог маманы.