2023 жылғы 19 наурызда өтетін Мәжіліс сайлауына жеті саяси партия жіберілді, олардан 283 кандидат қатысып жатыр. Дауыс беруге арналған бюллетеньге партия атаулары жеребеде анықталған тәртіппен енгізіледі.
Бұл туралы "Тengrinews" мәлім етті. Жеребе қорытындысы бойынша бюллетеньдегі партиялар атауы келесі ретпен орналасты:
Amanat партиясы – бірінші. Партия бағдарламасы туралы толық ақпаратты мына сілтемеден табуға болады.
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - екінші, партия бағдарламасымен мына жерден танысуға болады.
Respublica партиясы - үшінші, сайлауалды бағдарламасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.
Қазақстан халық партиясы – төртінші, сайлауалды бағдарламасы партияның ресми сайтында жарияланған.
Қазақстанның "Байтақ" жасыл партиясы - бесінші, олардың бағдарламасы ресми ресурста жарияланған.
"Ақ жол" Қазақстанның демократиялық партиясы – алтыншы, сайлауалды бағдарламасы партияның ресми сайтында жарияланған.
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия - жетінші, сайлауалды бағдарламасымен мына сілтеме бойынша танысуға болады.