Маңызды науқанға - жауапкершілікпен

Саяси маңызды науқанға орай облыс орталығындағы №38 сайлау учаскесіне келген сайлаушылар таңдауларын жасап, дауыс беруде. 

Сайлау учаскесінің комиссия төрайымы Ляззат Өтеуғалидің айтуынша, аталған аймақта 2539 сайлаушы тіркелген. Үш сағат ішінде 40 шақты тұрғын   дауыс берсе, үйден дауыс беруге тіркелгендер саны - 9. Сайлау учаскесіне алдыңғылардың бірі болып келген 1936 жылғы 87 жастағы ақсақал Жұман Челаев ел үшін маңызды күні жасына қарамай, аяқтай келіп дауыс беруге тырысқанын айтып, батасын берді. 1 топ мүгедегі Маржан Сұлтанова да өз дауысын учаскеге келіп берді.

“Әр сайлауға міндетті түрде қатысамын. Бұл менің азаматтық борышым деп білемін. Бұл сайлаудан күтетін үмітім мол. Сондықтан жаңа бастамалар мен сенімді, адал азаматтардың депутат боларына сенемін” дейді ол.

Сайлаудың өту барысын бақылауға қоғамдық ұйымдар мен тәуелсіз бақылаушылар қатысып отырды.