"Атырау-Ақпарат" мекемесінің ғимаратында орналасқан №40 сайлау учаскесінде егде жастағы ерлі-зайыптылар дауыс берді.
88 жастағы ақсақал Тельман Мугтиев пен 81 жастағы жұбайы Баян Мугтиева ертемен келіп дауыс берді.
Айта кетейік, аталған учаскеде тіркелген 2280 дауыс берушінің осыған дейін 65-і келіп үлгерген. Сондай-ақ, екі арбадағы мүмкіндігі шектеулі, екі құлағы мүкіс және бір көзі нашар көретін сайлаушыға үйден дауыс беруіне жағдай жасалды.