Атырауда үшем дүниеге келді

Атырау облыстық перинаталдық орталығында 22 жастағы Аянгүл Сәбитова үшемді дүниеге әкелді, деп хабарлайды ATPress.kz.

8 қыркүйек - Отбасы күні қарсаңында жарық дүние есіген ашқан нәрестелердің үшеуі де ұл. Сәбилердің екеуінің салмағы 1 келі 800, үшіншісі 2 келі 200 грамм.

Түрлен Бегеева, шала туылған нәрестелер патологиясы,  II кезең күту бөлімшесінің меңгерушісі:

Қазір ананың да, балалардың да жағдайы жақсы. Балалар анасының қасында, дегенмен, жастау болғанықтан, сәбилерді бағып, ем-дом жасауға арнайы медбикелер тағайындалды. Қазіргі таңда олар ауруханада дәрігерлердің бақылауында. Әзірге қашан шығатындары белгісіз" 

Жас ана жүктіліктің 34 аптасында кесір тілігі арқылы үшемді дүниеге әкелді. Шұғыл ота орталық директорының орынбасары, білікті акушер-гинеколог дәрігер Асқар Кенжеғалиевтің жетекшілігімен өтті.

Айта кетейік, Атырау облысында 2022 жылдың 8 айы ішінде 11 333 сәби дүниеге келген.

 

Сурет - ашық дереккөзден.