Атырауда көше тазалаушыларға тосын сый үлестірілді

Атырауда алғыс айту күніне орай көше тазалаушыларға дәм үлестірілді, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бір топ қызметкері қала тазалығымен айналысып жүргендерге көктемнің алғашқы күні көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.БҰл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі мәлім етті.
- Бүгін көктемнің алғашқы күні, әрі «Алғыс айту»күніне орай көше тазалаушыларды қуантқымыз келді. Олар үшін оңай жыл болмады. Қалаға қалың қар түсіп, жұмыстары екі еселенді. Оның үстіне күн жылып, нағыз жұмыстары күшейген уақыт десек те болады. Осы жағдайларды ескеріп, олар үшін тәттіге толтырылған арнайы пакеттер дайындадық, деді басқарма басшысы Азамат Мәмбетов.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ