Бұл туралы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Атырау облысы ПД жанындағы патрульдік полиция ротасының қызметкерлері өткізіліп жатқан “Қауіпсіз жол” жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде Доссор-Құлсары тас жолының 110 шақырымы тұсында DAF жүк көлігін тоқтатып, тексеру кезінде жүргізушісінің есірткілік, уытқұмарлық мас күйде екендігі күдік тудыртқан. Аталған көлік жүргізушісін Жылыой аудандық ауруханасынан тексеру кезінде есірткілік, уытқұмарлық масаң күйде көлік басқарғаны анықталды.
Қазір 1985 жылы туға азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар Жылыой аудандық әкімшілік сотына жолданды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ