Махамбетте полиция бөлімінің басшысы тағайындалды

Махамбет ауданы полиция бөлімінің жаңа басшысы тағайындалды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

ҚР Ішкі істер министрлігінің бұйрығымен Махамбет ауданы полиция бөлімінің бастығы лауазымына полиция полковнигі Нұрболат Дюсенбайұлы Алекесов тағайындалды. Бөлімнің жаңа басшысын Департамент бастығының орынбасары полиция полковнигі Руслан Олжабайұлы Ешманов аудандық полиция бөлімінің жеке құрамына таныстырды.

Айта кетейік, полиция полковнигі Нұрболат Дюсенбайұлы ІІО-дағы еңбек жолын 2003 жылы бастаған. Жаңа лауазымына дейін Атырау облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ