Халыққа қызмет көрсету орталығында – «Жолда қабылдау» акциясы

Акцияның мақсаты – халықпен кері байланыс орнатып, ашықтықты қамтамасыз ету, халыққа құқықтық көмек көрсету, қоғамдық және жол қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мәселесі бойынша тұрғындарды ақпараттандыру және құқықтық білімдерін жетілдіру, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Акцияда Атырау ҚПБ Әкімшілік полиция және Көші-қон қызметі басқармасы, №1 қалалық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің инспекторлары және патрульдік полиция батальонының қызметкерлері қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім еткендей, бірінші күннің өзінде түске дейін 42 қала тұрғынының сауалы тыңдалды.

Мәселен, зейнеткер Айсұлу Кариева жеке меншік көлігінің құжаттары және төлененетін айыппұлы, ескірген төлқұжатын жаңарту туралы, көлік құралын тіркеу бойынша жауап алды. 

Аталмыш акцияның ұтымды тұсы осылай құқықтық көмекке жүгінгендердің мәселелеріне қатысты жедел ақпараттың  берілуінде. Кезексіз кез-келген тұрғынды қабылдаған қаламыздың тәртіп сақшылары азаматтардың сұрақтарын тез арада қарап шықты. Тікелей қабылдау жүргізген Атырау ҚПБ Әкімшілік полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Тулешов мұндай акцияны ұйымдастырудың халық үшін пайдасы зор екендігін, атап өтті. Ең бастысы тұрғындарға қолайлы екендігін жеткізді. 

Айта кетейік, «Жолда қабылдау» акциясы Солтүстік аймақ 69-да орналасқан «Халыққа қызмет көрсету» орталығында сағат 18:30-ға дейін жалғасады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ