Атырау қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған сотында ӘҚБтК-нің 603-бабының 1-бөлігі бойынша Қ.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.
Аталған соттың баспасөз қызметінен білгеніміздей, сотта анықталғандай, Қ. көлік құралының алдыңғы бөлігіне түсі мен жұмыс режимі көлік құралдарын пайдалануға сәйкес келмейтін жарық аспаптарын орнатып басқарған. Қ.-ның кінәсі сот отырысында зерттелген іс материалдарымен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен, сауалнама хаттамасымен расталады.
Сот қаулысымен Қ. әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әкімшілік құқық бұзушылық заттары - жарық беруге арналған құрылғыcы тәркілене отырып, оған 38 766 теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ
Фото: ru.freepik.com