ATPress.kz. 21 маусым. Атырауда қайыршылықпен айналысқан азаматшаға айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлайды.
Олардың айтуынша, айыпталушы бұрын әкімшілік жазаға тартылғанымен, бір жыл ішінде қайталап заң бұзған. Яғни, «Иманғали» орталық мешіті алдында жүргіншілерді мазалап, қайыршылықпен айналысқан.
Сот қаулысымен аталған азаматша кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде 15 883 тенге айыппұл салынды.