Атырауда кортеж жасаған жүргізушілер жазаланды

Жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған төрт жүргізуші жауапқа тартылды, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Жол жүрісі ережелерінің сақталмауы мен құқық бұзушылықтардың қайталап орын алуы Атырау қаласында жол-көлік оқиғаларының жиілеуіне әкеп соғуда. Бүгінде полицейлердің көмекші құралына арналған Сергек бейнекамерасы арқылы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарды оңай анықтауға болады. Мәселен, 25 қазан күні Жедел басқару орталығының қызметкерлері патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне бағыттама беріп, қосымша көмегімен қала көшелерінде түрлі қауіпті қозғалыс жасап, дрифт элементтерін орындау арқылы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, кортеж жасаған маркасы Toyota Camry, Toyota Prado, Lada Largus және Ваз 2114 автокөліктерін анықтады. Аталған оқиға бойынша 4 көлік жүргізушісіне 9 хаттама толтырылды. Осы ретте, тәртіп сақшылары жол ережесін қатаң сақтауды ескертеді.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ