Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі еліміздің урбанистер қауымдастығымен бірлесіп «Берекелі бастау» порталын іске қосады, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Онда әрбір қазақстандық қалаларының инфрақұрылымын жақсарту идеяларын ұсына алады және азаматтардың неғұрлым өзекті бастамалары үшін дауыс бере алады.
Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен дөңгелек үстел барысында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді.
Ведомство басшысының айтуынша, қалалардың тұрақты өсуі қала кеңістігін қалыптастырудың жаңа тәсілдерін, қала құрылысы регламенттерін нақты сақтауды талап етеді. Бірақ, қазіргі уақытта Қазақстандағы қалалар олардың даму перспективалары мен жұртшылықтың пікірлерін ескермей, ретсіз салынуда.
- Мысалы, Алматы тұрғындары "құмырсқа" үйлерге, елорда тұрғындары - демалыс орындары мен әлеуметтік нысандарға қажеттілік ескерілмейтіндігіне, құрылыстың тым тығыз салынатындығына шағымданады. Қазір урбанистер мен қала тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, қалалық өзгерістерді жүргізу өте маңызды. Біз әрбір азамат өз қаласын дамытуға атсалысу үшін халық пен мемлекет арасындағы диалогқа баса назар аударғымыз келеді. Дәл осы мақсатта, Қазақстанның урбанистер қауымдастығымен бірлесіп «Берекелі бастама» дауыс беру порталын іске қосамыз, деп атап өтті Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі.
Қайырбек Өскенбаев порталда қаланың әрбір тұрғыны инфрақұрылымды жақсарту бойынша ұсыныстар бере алатынын айтты. Барлық жобаларды урбанистер ғылыми тұрғыдан зерттейді, содан кейін үздіктер дауыс беру порталында жарияланады. Оның қорытындылары бойынша қаржыландыру және жедел іске асыру үшін басымдықтар айқындалатын болады.