Алматыда санкцияланған митинг өтіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Жиын 5 ақпанда сағат 12.00-де басталды. Адамдар Шевченко көшесінде орналасқан Шоқан Уәлихановтың ескерткішінің мағына жиналды. Оқиға орнына 150-200-ге жуық адам жиналды.
«Митинг тыныш өтіп жатыр. Жиналғандар бірнеше талап қойды. Олардың арасында:
әкім сайланарда таңдау беру;
қазіргі қала әкімін қызметтен босату;
қаңтар оқиғаларынан кейін ұсталған кінәсіз адамдарды босату.
Митингіге қатысушылардың бірі адамдарды үйге қайтуға шақырды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бірнеше қызметкері жүр» деп хабарлайды отандық тілшілер.