АTPress.kz. 9 қаңтар. Жалдаған пәтеріңізде, тоқтаған қонақ үйде немесе қыдырып барған туыстарыңыздың үйінде бір айға дейін уақыт болып, тіркеуге тұрмасаңыз, баспана қожайыны 20 мың, өзіңіз 16 мың теңгеден аса айыппұл төлейсіз. Мұндай қаржы кім-кімнің қалт
Осы заң шыққалы халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) тіркеуге тұру үшін сабылып жатырған халықтың қарасы қалың. АTPress.kz тілшісі бүгін аталған орталықта болып, уақытша тіркеуге тұрушы ретінде мән-жайды зерделеп көрген еді.
Тіркеуге тұру үшін қандай құжат апару қажет?
Пәтерге тіркеуге тұрушы азамат пәтер иесімен бірге ХҚКО-ның ресепшн бөліміне барады. Есте сақтайтын нәрсе, пәтердің меншік иесі өзінің жеке куәлігімен қоса баспанасына құқық беретін барлық құжаттардың түпнұсқасын бірге апарады. Пәтерге құқық беретін құжат дегеніміз – үйдің төл құжаты, сатып алған, сыйға бергендігі туралы құжат, кепілдікте тұрған болса банктің келісімшарты, баспанаға қатысты шығарылған әкімдіктің қаулылары т.б. (суретте). Ал, тіркеуге тұрушы азаматтар жеке құжаттарын алып өздері бірге келеді. Егер отбасылы адамдар болса, жолдасының неке туралы және жеке бас куәлігін, балаларының туу туралы куәліктерін алып біреуі ғана келсе болады.
Тіркелу қанша уақытыңызды алады?
Қазір ХҚКО-да қарбалас кезең. Ресепшн бөлімі сіздің құжаттарыңызды тексеріп, өтініш толтыру үлгісін түсіндіріуімен 3 минут уақытыңызды алады. Өтініш толтыру үшін өзіңіздің ұқыпты жазу қабілетіңізге байланысты 6-7 минут уақытыңыз кетеді. Парақшаны толтырып болған соң ресепшнге қайта келіп дұрыс-бұрысын тексертіп аласыз. Ол сізге талон нөмірін береді. Сондай-ақ, нөмірмен қоса өзге де анықтамаларды ХҚКО мамандары ұсынады. Сол арқылы сіз «Қазпошта» филиалының кассасына кіресіз. Мұнда пәтерге тіркеуге тұрушы әр адам 1 АЕК көлемінде яғни, 227 теңге ақша төлеуі тиіс. Сізден касса 120 теңге комиссия ұстау арқылы төлейтін сомаңыз 350 теңгеге жуықтайды. Алайда, «Қазпочта» филиалы кассасына сіздің әрі кетсе 3 минут уақытыңыз кетеді. Мұнан соң түбіртегіңізді алып асықпай кезек күтесіз.
Куә болғанымыздай, ресепшннен кезек күту талонының нөмірін алғаныңызда сіздің алдыңызда қырыққа жуық шерет болады. Ол қырық адам екен деген сөз емес. Талон нөмірі пәтердің иесіне ғана берілгендіктен бір нөмірдің артында бала-шағасымен 15-20 адам тұруы мүмкін. ХҚКО мамандарының қызметіне тек пәтерге тіркеуге алу жұмысы кірмейді. Мұнда тіркеу бойынша 2 маман жұмыс жасайды. Олардың айтуынша, бір үйге 18 адамға дейін тіркеуге тұрып жатырғандар да бар көрінеді. Сондықтан сіздің алдыңыздағы қырық нөмір бітіп кезегіңіз келгенше 4-5 сағат күтіп қалуыңыз да ғажап емес. Өйткені, біз куә болғандай, ресепшн бөлімі сағат 13.00 келген азаматқа 0898 нөмірін берсе, тіркеу терезесі бір сағат жарымнан кейін ғана 0867 нөмірлі азаматты енді қабылдап жатты. Алайда, кезегіңіз жеткен уақытта неше адам болып келсеңіз де жұмысыңызды 10 минутта тәмәм қылып береді. Пәтерге тіркеуге қою үшін ХҚКО кешкі 18.00 дейін жұмыс жасайды. Егер осы уақытқа дейін кезегіңіз келмей үлгермей қалсаңыз, талон нөмірімен ертесі күні таңертең келуіңізге болады.
Репортажды дайындаған Нұрбейбіт Нұғыманов
Фото, видео автордікі