"Теңізшевройл «Сенімді құрылыс» компаниясының қызметкері өз-өзіне қол жұмсады.
Бұл туралы ATPress.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Төтенше жағдай өткен түнде Қазақстанның ең үлкен мұнай кен орнында болған. Ол түнгі ауысымға жұмысқа шығып, жұмыс орнында асылып қалған. Марқұмның денесін әріптестері тауып, жедел-жәрдем шақырған, бірақ ол кезде кеш болыпты.
Әріптестерінің айтуынша, қаза болған 28 жастағы жігіттің жұмысқа қатысты қиындығы немесе жанжал болмаған. «Теңізшевройл» компаниясы аталған оқиғаны растап жауап берді.
- «Теңізшевройл «Сенімді құрылыс» мердігерлік компаниясы қызметкерлерінің бірінің денесі табылғаны туралы хабардар етілді. Тиісті мемлекеттік органдар дер кезінде хабар алды және одан кейінгі мәселелерді оларға немесе мердігер компанияның басшылығына жолдау керек», – деді ТШО баспасөз қызметі.
Атырау облыстық полиция департаменті тергеу шараларын бастады.