Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
40 жастағы Алматылық азамат полицияға өзінің алданғандығы туралы шағымданған. Айтуынша, оны 44 жастағы әйел Атырау қаласынан элиталық үйлерден үш бірдей пәтер алып беремін деп сендіріпті. Сөйтіп 45 млн. теңгесін иемденіп алған.
Полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде алаяқтықпен айналысқан атыраулық 44 жастағы азаматшаны ұстап, қамауға алды.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 190 бабымен (алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде