Тәуелсіздік күніне орай Атырауда балабақша мен стадион ашылады

ATPress.kz. 13 желтоқсан. Атырауда Тәуелсіздік күні кең форматта атап өтілетін болады. Мәселен, 14 желтоқсанда сағат 11.00-де Атырау қаласына қарасты Геолог ауылдық округінің «Мирас» шағын ауданында 165 орындық балабақша ашылады. Сол күні сағат 12.00-де Т

15, 16, 17 желтоқсан күндері облыс орталығындағы «Сарайшық» коммуналдық базарында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. 

Ал, мәдени көпшілік шара 15 желтоқсанда сағат 19.30-да облыс орталығындағы Сұлтан Бейбарыс алаңында өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына арналған гала-концертте «КешYou» тобы өнер көрсетеді. Кеш соңы мерекелік от шашумен аяқталады деп күтілуде.

«Сондай-ақ, 17 желтоқсан сағат 11.00-ден 15.00 аралығында «Шаңырақ» отбасылық типтегі балалар ауылында, сондай-ақ облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде қайырымдылық концерттері өтеді», - деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

 

Бек Әзберген