ATPress.kz. 22 қараша. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіз Қазақстан» пойызы Мақат кентіне келіп аялдады.
Делегаттарды Мақат ауданы әкімдігі мен аудан ардагерлері, кент тұрғындары салтанатпен қарсы алды. Делегация құрамында Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, мемлекеттік органдар өкілдері, мәдениет және спорт қайраткерлері, медицина және әлеуметтік сала қызметкерлері бар. Олар бүгін Мақат кентінде болып азаматтардың нақты мәселелеріне жауап беретін болады. Сондай-ақ, Мақат аудандық ауруханасында невролог, уролог, гематолог, травматолог, пульмонолог, педиатр, гастроэнтеролог, ангиохирург, кардиолог, эндокринолог, офтольмолог, онколог, хирург, санитарлық авиациялық дәрігер мен санитарлық авиациялық фельдшерлер тұрғындарға медициналық көмектер көрсетеді.
Акцияның мақсаты - Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен еліміздің тәуелсіздік жылдары қол жеткізген жетістіктерін паш ету, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы негізінде халықтың бірлігін нығайту.
«Тәуелсіз Қазақстан» пойызы ертең Атырауға табан тірейді. Қырық үш күн бойы еліміздің барлық өңірлерінде болып, өз жұмысын 14 желтоқсанда Алматы қаласында аяқтайды.
Нұрбейбіт Нұғыманов
Сурет Мақат ауданы әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасынан алынған