«Самғау» байқауына қатысушы журналистер шет елдерге сапар шегетін болды

АTPress.kz. 16 қаңтар. «Самғау» - «Қазақстанда жасалған» байқауының бірінші кезеңінде республиканың әр өңірінен 200 жуық үміткер қатысқан. Бірінші кезеңді қорытындылауға арналған жеңімпаздардың есімі аталып, олардың қай елге сапар шегетіні анықталды.

Шара барысында «Самғау» ұлттық байқауының Астана қаласы бойынша жеңімпазы атанған «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі Арнұр Асқаров Грузия еліне жіберілетін болса, Алматы қаласы бойынша блогер Вера Ляховская Қытайға және Nur.kz порталының редакторы Ақырыс Сейітқазы Индияға баратын болды. Ал, Батыс Қазақстан облысы бойынша «Маңғыстау» облыстық газетінің тілшісі Валентина Козыбаковаға Түркия еліне сапар шегу бұйырды. 

- Отандық өнім шетел өнімнен асып түспесе кем емес. Бұрынғы тауарлармен салыстырғанда қазіргі шығарылып жатқан тауардың сапасы едәуір көтеріліп, тиімділігі артты. Дизайны жағынан да жақсарды. Журналистер арасында өнімге деген қызығушылықты артттыра алдық деп ойлаймын», - дейді «Халық маркасы» қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Римма Тәжібаева

Римма Тәжібаеваның айтуынша,  жеңімпаздар тобы «Экспо 2017» аясында таяуда «Халық маркасы» павильонын ұйымдастырушылар құрамымен әлемнің 12 еліне сапар шегеді деп жоспарланған. 

 

Мереке Асанова