ATPress.kz. 31 қаңтар. Құрманғазы ауданында «Мүслимат ана» атындағы шәкіртақыны иеленіп отырған оқушылардың саны күні бүгінде 224-ке жетіп отыр.
Он жыл бойына үзілместен беріліп келе жатқан шәкіртақыны үлгілі тәртібі мен сапалы білімімен ерекшеленген бастауыш сыныптың қыз балалары иеленуде.
Жақында ғана аталған шәкіртақы иелеріне Құрманғазы ауданындағы Әбу Сәрсенбаев атындағы орта мектепте салтанатты жағдайда табысталды. Құрманғазы аудандық білім бөлімінің басшысы Г. Құбаеваның айтуынша, республикалық реестрге енген игілікті жобаның ауқымы кеңейіп, бүгінде зор мәнге ие болып отыр.
А. Шакупова