АTPress.kz. 26 желтоқсан. Атырауда композитор, жазушы Ілия Жақановтың 80 жылдық мерейтойына орай «Еділ-Жайық» атты ән кеші өтті. Мерейтой кешіне қала тұрғындарымен қатар республиканың әр өңірінен ақындар Маралтай Райымбекұлы, Ақұштап Бақтыгереева, құрметт
Ән кешіне арнайы келген аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев композитор Ілия Жақановты 80 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, жұбайы мен екеуінің иығына шапан жауып, Елбасы атынан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін табыс етті.
- Өнер адамдарының еңбегін келімен, метрмен қандай да бір өлшем бірлікпен шектеуге болмайды. Олардың қызметін елдегі бейбітшілік пен қоғамдағы тазалықтан байқаймыз, - деді кеш барысында сөз алған Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.
Ілия Жақанов - композитор, жазушы, публицист, музыкатанушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері ретінде алаш жұртына мәлім. «Біржан сал», «Ақан сері», «Үкілі Ыбырай», «Естай әнші» сынды зерттеу еңбектері мен көптеген әндері бүгінде ел аузында.
Кеш барысында жиылған көремендер композитордың «Еділ-Жайық» әнін бірге шырқап, ықылас ниеттерін білдірді.
Мереке Асанова