АTPress.kz. 13 желтоқсан. Атырау қалалық әкімдігі қала бойынша Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар бағдарламасын дайындады.
Мерекелік іс-шаралар 14-15 желтоқсан күндері «Мұнайшы» спорт кешенінде волейболдан жоғары және арнаулы орта оқу орындарының ұлдар мен қыздар командалары арасында өтетін қалалық турнирден басталады.
- 14 желтоқсан сағат 10.00 «Мұнайшы» спорт кешенінде турнирдің басталуы.
- 15 желтоқсан сағат 15.00 зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге көмек көрсету бөлімшесінің ғимаратында «Еліміздің еркіндігі - Тәуелсіздік» тақырыбында мерекелік шара.
- 16 желтоқсан сағат 11.00 «БАЙЗАР» ойын-сауық орталығында «Тәуелсіздік - теңдігім, егемендік - елдігім» атты мерекелік сазды бағдарлама.
- 16 желтоқсан сағат 10.00 «Infinity Fitness» орталығында суда жүзуден 2007 жылы туылған және одан төменгі жастағы ұлдар мен қыздар арасында қалалық турнир.
- 16 желтоқсан сағат 10.00 «Мұнайшы» спорт кешенінде 2004-2005 жылы туылған ұлдар мен қыздар арасында тоғызқұмалақтан қалалық турнир.
- 16 желтоқсан сағат 10.00 «Атырау» спорт кешенінде пауэрлифтингтен қалалық ашық турнир.
- 17 желтоқсан сағат 11.00 «Көктем» сауда орталығында «Мәңгілік ел мұратым» атты мерекелік сазды бағдарлама.
Мереке Асанова