ATPress.kz. 28 қараша. Жазушы-драматург Рахымжан Отарбаевтың шығармашылығына арналған Халықаралық театрлар фестивалі Атырауда екінші мәрте ұйымдастырылып отыр.
Өнер мерекесіне Қырғызстан елі, Павлодар, Батыс Қазақстан облысы театрлары мен Оңтүстік Қазақстан облысынан өзбек драма театры қатысуда. Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, аталмыш фестиваль ерекше жақсы дәстүрге айналып келеді. Биылғы өнер кеші жазушының мерейтойымен тұспа-тұс келіп отыр.
Қазылар алқасының төрағасы Асанәлі Әшімов:
- Соңғы жылдары драматургияда даму болған жоқ еді. Рахымжан Отарбаев жаңаша леп беріп отыр, - дейді.
Қазылар құрамында Германиядағы қазақ қауымдастығының төрағасы Сүлеймен Шадкам, жазушы-драматург Иран-Ғайып Оразбаев, Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі Бусурман Одуракаев, Қазақстан халық әртісі Есмұхан Обаев бар.
Бүгін, 28 қараша, 19.00-де Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театры Махамбет атындағы облыстық драма театрда «Аяулым Анфиса» комедиясын сахналайтын болады.
Нұрбейбіт Нұғыманов
Сурет Ануар Әбілғазиевтікі