Құрманғазыда ерекше байқау өтті

Құрманғазыда "Туристік және бардтық әндер" байқауы өтті, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

2024 жылдың 31 қаңтар күні Құрманғазы аудандық жас туристер бекетінің 2023-2024 жылдық жұмыс жоспарына сәйкес үйірме оқушылары арасында «Туристік және бардтық әндер» байқауы өтті.

Возможно, это изображение 1 человек, гитара и скрипка

Байқауға аудан мектептері арасынан 14 қатысушы қатысып, төмендегідей нәтижелерді көрсетті:

«Бардтық әндер байқауы» бойынша І орынды Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Сагидоллаева Райхан, жетекшісі Мажитов Бердібек;

ІІ орынды Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Қайыржан Алихан, жетекшісі Изтелеуова Зурият;

ІІІ орынды М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Муса Алмас, жетекшісі Ғалижан Елдос;

Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Сапаров Арсен, Ә.Сарсенбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Нух Диас, Ф.Оңғарсынова атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Муфтарихов Данияр, Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Жумажан Мансур, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Жалелов Мағжан алғыс хатпен марапатталды.

Возможно, это изображение 1 человек, гитара и текст

«Туристік әндер байқауы» бойынша:

І орынды Ғ.Мүсірепов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Сагидоллаева Райхан, жетекшісі Мажитов Бердібек;

ІІ орынды М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Сабирова Линара, жетекшісі Ғалижан Елдос;

ІІІ орынды Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Қайыржан Алихан, жетекшісі Изтелеуова Зурият;

Ә.Сарсенбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Михайл Бибіфатима, Қадыр Мырза Әли атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Аққалиев Ерасыл, Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Турланов Аманат алғыс хатпен марапатталды.

Возможно, это изображение 12 человек и текст