ATPress.kz. 11 ақпан. Индерлік оқушы дайындаған репортаж «Qazaqstan» ұлттық арнасынан көрсетілді. Гүлбахыт Қалмұханова бүгінде Жамбыл атындағы орта мектептің оқушысы. Білімге құштарлығымен, өнерге деген ерекше ынтасымен танылып жүрген Гүлбахыт болашақта ж
Осынау асқақ арманына алғашқы қадамы Индер ауданында өткен «Әбіш Кекілбаев оқулары» шарасынан басталды. Аталмыш шара туралы тым тәуір репортаж дайындаған оқушы қыздың жұмысы «Qazaqstan» арнасындағы «Елден хабар» бағдарламасында көрсетілді.
Жастайынан биікке ұмтылған Гүлбахыт жергілікті музыка мектебінің домбыра класы бойынша түлегі. Жергілікті «Шашу» би ансамблінің белсенді мүшесі. Домбыраның құлағында ойнайтын Гүлбахыт тіпті, сонау Әзербайжан елінің астанасы Баку қаласында өткен халықаралық «Салют талантов» конкурсына қатысып, жүлделі I орынды иеленіп келген болатын.
Нұрай Тілепбергенова