ATPress.kz 28 желтоқсан. Атырау қалалық әкімдігі ұйымдастырған «Жыл адамы - 2016» байқауы 14 аталым бойынша өтті. Салтанатты жиында сөз алған қала әкімі Серік Шәпкенов шара барысында қаланың өсіп-өркендеуіне үлес қосқан, игі істері өнеге алуға тұрарлық аз
«Жыл адамы - 2016» сыйлығының жеңімпазы атанған Бауыржан Тахауов - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, параволейболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері. Спорт шеберінің жаттықтырып келген облыс командасы биыл алтыншы рет қатарынан Қазақстан чемпионы атануымен ерекшеленіп отыр. Бұдан бөлек, «Жыл спортшысы» аталымы - халықаралық дәрежедегі спорт шебері, екі дүркін әлем чемпионы Абзал Дюсуповқа бұйырса, «Ауылшаруашылығы саласының жыл қызметкері» аталымын «Тілекші» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директоры Орынғали Ахметов жеңіп алды. Сондай-ақ, шара барысында «Жылдың құқық қорғаушысы» - Атырау қаласы ішкі істер басқармасы жергілікті полиция қызметі жол-патрульдік полиция батальонының полиция сержанты Айболат Өтешқалиев.
«Жылдың мемлекеттік қызметкері» - Aтырау қаласы әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің басшысы Рабиға Жалмұханова.
«Әлеуметтік саланың жыл қызметкері» - зейнеткерлерге және мүгедектерге үйден әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Елена Петренко.
«Жыл мәдениет қызметкері» - Құрманғазы атындағы мәдениет сарайының «Фантазия» вокал үйірмесінің жетекшісі Любовь Иванова.
«Комуналдық саланың жыл қызметкері» - қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлім басшысының орынбасары Жасұлан Мұқашев.
«Жыл құрылысшысы» - «Атырау - Құрман Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Санат Бекимов.
«Жыл мұғалімі» - жалпы білім беретін №6 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Әлия Айтмағамбетова.
«Жыл журналисі» - «Атырау» газетінің қоғамдық-саяси бөлімінің меңгерушісі Баян Жанұзақова.
«Жыл тәрбиешісі» - №28 «Алмагүл» балабақшасының тәрбиешісі Ләззат Ильясова.
«Жыл кәсіпкері» - «Жігермұнайсервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Асхат Дүйсалиев.
«Жыл дәрігері» - Атырау қалалық перзентханасының дәрігері Назымгүл Мендешова марапатталды.
- Бүгін еңбегімнің еленіп, марапатқа ие болып жатырғаныма қуаныштымын. Бұл менің денсаулық сақтау саласында атқарып келетін он алты жылдық еңбегімнің жемісі. Алғашқы қызметімді перзентханада акушер-гинеколог болып бастағанмын. Қазіргі таңда босану бөлімінің меңгерушісі болып қызмет етемін. Қаламызда тек дені сау ұрпақ дүниеге келе берсін, - дейді «Жыл дәрігері» аталымының жеңімпазы Назымгүл Мендешова.
Мереке Асанова
Сурет Ерлан Алтыбаевтікі